Блогер туған күнінде болашақ күйеуімен бірге жол апатынан қаза тапты

Бразилиялық блогер Луанна Мело 29 жасқа толған туған күнінде күйеу жігітімен және досымен бірге жол апатынан көз жұмды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен апат себептері анықталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Diário de Pernambuco басылымына сілтеме жасап.

Мело 36 жастағы күйеу жігіті Корбиниан Андреас Денглер және олардың 24 жастағы досымен бірге бір көлікте келе жатқан. Олар фура мен қызанақ тасымалдаған жүк көлігі қатысқан апатқа ұшырады.

Фото: Reprodução/Социальные сети

Блогер, болашақ күйеуі және достары оқиға орнында қаза тапты. Жүк көлігінің жүргізушісі ауыр халде ауруханаға жеткізілсе, фура жүргізушісі жеңіл жарақат алған. Апаттың себептері әлі анықталып жатыр.

Фото: Disclosure/Federal Highway Police

Белгілі болғандай, Луанна Мело – танымал инфлюэнсер, сән мен фитнес тақырыбында блог жүргізген. Ал Денглер спорт залдың иесі болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы