Блогер тек шынайы ақпарат таратуы керек – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Юрий Ли  «Блогерлік-қоғамдық пікірді қалыптастыру құралы»  дөңгелек үстелі барысында айтты.

Мен үшін блогерлер тек шынайы ақпарат таратуы керек. Егер таратып отырған ақпарат шынайы, дұрыс болса, ол адам өзін блогер деп, журналист деп атай берсін,-деді ол.

Депутат атап өткендей, блогерлердің табысы да ортақ заң бойынша реттелуі керек.

Егер кейбір блогер фейк ақпарат таратса да, ортақ заңға жүгінуі керек. Блогер де адам, ол өзіне қызық дүниені насихаттай алады. Ол төленген материал болса, оқырман оқиды деп ойламаймын. Ол білініп тұрады деп ойлаймын, - деді депутат.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы