Блогер қыз-келіншектер қалай ақша табады

Қазіргі уақытта әлеуметтік желіні қолданушылар саны көбейген. Бірі табыс көзіне айналдырса, енді бірі уақыт өткізу құралы ретінде пайдаланады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шығарылымда қонақтарымыз әлеуметтік желілердің ережесі мен ерекшелігін айтады. Қай платформада қандай табыс табуға болатынын, қандай қателіктер жібермеу керегін үйретеді. Халықтың блогерлерге сенетін заманында ақпаратты қалай дұрыс алу керек.

Қазақ аудиториясы қазақша ақпараттық контентті қажет етпей ме?
Қазақ тілінде мүлдем контент жоқтың қасы ма?
Блогерлер оқырманды сыйлай ма?
Youtube оқырмандары шынайы ма?

Әдемі - нәзік жанды аруларымыздың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді талқылайтын подкаст.
Біздің басты мақсат- әртүрлі тақырыптарға ашық сөйлесіп, көкейкесті сұрақтарға жауап табу.

Бұған дейінгі шығарылымымыздың қонақтары продюсер – Айсәуле Әбілда мен киносыншы – Дана Әмірбеков болды. Олар кино жанры, басты қателіктері, қазақ киносының дамуы, сценарий әлсіздігі, маркетингке қаржы бөлінбеу, мемлекетке түсірілген фильмдердің неге сәтсіз болатыны туралы баяндады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы