Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
Халықаралық іздеуге жарияланған қазақстандық блогер Вьетнамда жүрген.
Блогерді Ішкі істер министрлігі Интерполмен бірлесіп, Камрань қаласында ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұған дейін блогер заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған болатын.
Ол әлеуметтік желілерде онлайн-казиноның жарнамалық видеоларын жүйелі түрде жариялап, қолданушыларды құмар ойындарға тартқан. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде күдікті 100 миллион теңгеден астам заңсыз табыс тапқан. Ақшалай қаражат оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған, – деп атап өтті ІІМ.
Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
ІІМ шетелде жасырыну әрекеттері қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті.
Іздеуде жүрген әрбір адам анықталады, ұсталады және Қазақстанға жеткізіледі. Бұл тек уақыт мәселесі, – делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ, іздеуде жүрген блогерге қатысты тың мәлімет шыққанын хабарлаған болатынбыз.
- Астанада «Тазабек» атты робот оқушыларға қоршаған ортаны аялаудың маңызын айтты 16:06
- Алаяқтарға алданған адам ақшасын сақтап қалу үшін не істеуі керек? 16:03
- Теміртау маңында із-түзсіз жоғалған 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды 15:43
- Президент: Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз 15:25
- Тоқаев: Ешкім заңнан тыс қалуға құқылы емес – бұл менің берік ұстанымым 15:21
- Президент: Заң мен сот алдында бәрі тең, «өзіміздікі» және «бөтен» деп бөлуге жол берілмейді 15:08
- Президент: Конституцияны, оның негізгі ережелерін менсінбеу – халықты кемсітумен тең 15:06