Блогер Ерболат Жанабыловтың соты басталды
Елордадағы Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты сот басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елордадағы Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты сот басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Блогер ҚР ӘҚБтК 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады. Яғни, ҚР "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" Заңының 5-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес, лотерея операторы немесе лотерея таратушысы (агенті) болып табылмайтын тұлғалардың лотерея өткізуіне және лотерея билеттерін, соның ішінде электрондық билеттерді таратуға (сатуға) тыйым салынады.
Өкілетті органдардың мәліметінше, Жанабылов Instagram-дағы "zhanabylov_e" аккаунты арқылы автокөліктер, ақша және бағалы сыйлықтар ойынын ұйымдастырған. Ойынға қатысу үшін жазылушылар "Zhana Business" ЖШС-нің "оқыту курстарына" төлем ретінде әрқайсысы 30 мың теңге аударған.
Ертең сот отырысы ашық форматта өтетіні белгілі болды. Сондай-ақ блогердің қазіргі уақытта Алматыда екені айтылды.
Еске салайық, бұған дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі әлеуметтік желілерде заңсыз ұтыс ойындарын өткізгендерді тексеретінін мәлімдеген.
Сондай-ақ министр Ербол Мырзабосынов блогер Жанабыловтардың конкурсына байланысты туындаған дау жөнінде пікір білдірген.
Айта кетейік, жыл басынан бері құзырлы орган 34 блогердің заңсыз онлайн-ойындарды жарнамалауға қатысы барын анықтады.