Blackstone Қазақстанда дата орталық салуға қызығушылық танытты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Blackstone компаниясының негізін қалаушылардың бірі әрі басқарма төрағасы Стивен Шварцманмен келіссөз жүргізді. Кездесуде өзара тиімді инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, Blackstone компаниясының инфрақұрылым мен технологияны дамытуға арналған ауқымды инвестициялық стратегиясы Қазақстанның экономиканы әртараптандыру, инновацияны ілгерілету және орнықты даму салаларындағы ұлттық басымдықтарымен үйлеседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды толық цифрлық елге айналдыру жөніндегі стратегиялық міндеттерге тоқталып, бұл бағытта Blackstone-мен бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңызына назар аударды. Әсіресе, елімізде дата орталықтар салу, қаржы технологияларын дамыту және активтерді басқару саласында серіктестік орнату мүмкіндігі қарастырылды.

Blackstone – нарықтық капиталы 218 миллиард доллардан асатын, әлемдегі ең ірі инвестициялық компаниялардың бірі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы