БҚО-ға ресейлік «Спутник-V» вакцинасының 1000 дозасы әкелінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысына ресейлік «Спутник-V» вакцинасының 1000 дозасы әкелінді, деп хабарлады СOVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе егу жұмыстары облыста медицина ұйымдарының 26 екпе кабинетінде жүзеге асырылатын болады.
Батыс Қазақстан облысы Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев, облыс әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев алғашқылардың бірі болып коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы