БҚО-да тіркемесі бар трактор аударылып, 8 жасар қыз бен ер адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болған оқиғаға байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы.
Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында болған.
26 тамызда Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында трактор аударылған. Жол апаты салдарынан 1994 жылы туған ер адам мен 2013 жылы туған кәмелетке толмаған қыз көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 - бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде,-деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қоңырау 26 тамызда сағат 22.10-да түскенін атап өтті.
Тіркемесі бар трактор жыраға аударылып кеткен. Оқиға орнында ер адам мен қыз қайтыс болды, - деді ведомствода.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде 5,3 млн-нан астам адам екпе салдырды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы