БҚО-да суға батып бара жатқан 19 жастағы жігіт құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында 19 жастағы жігіт суға кетіп қала жаздады, деп хабарлайды БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға бүгін Бәйтерек ауданы «Сая» демалыс орнындағы жасанды су қоймасында болды.
Жағажай құтқарушылары Абзал Әжіғали мен Бақтияр Қайратұлы шомылып жүргенде, батып бара жатқан жас жігітті құтқарып қалды. Судан шығарғаннан кейін оның жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс алдырды. Есін жиғаннан кейін ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Қазіргі кезде қалалық көпбейінді ауруханада дәрігерлердің бақылауында, – деді ведомстводан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы