БҚО-да ПТР тестілеу бағасы 6 мың теңгеден басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың желтоқсан айынан бері облыс бойынша 1 227 адам зертханалық тексеруден өткен, ал індет басталғалы 217 867 адамнан сынама алынған. 

Бүгінгі күні облыс ПТР-диагностикасы үшін 52 916 зерттеуге арналған 1 058 тест-жүйесімен қамтамасыз етілген.
Батыс Қазақстан облысы - COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл аймақта».

Тұрғындар арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және оны уақытылы анықтауда зертханалардың рөлі ерекше. Өңірде COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу өткізуге арналған 10 зертхана жұмыс істейді:

1. ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК БҚО бойынша филиалы;

2. ШЖҚ «Облыстық көпбейінді аурухана» МКК;

3. «Олимп» КДЗ;

4. ШЖҚ «Бөрлі аудандық ауруханасы» МКК;

5. «Медициналық орталық» ЖШС;

6. ҚР ДСМ АҚИҰҒО ШЖҚ РМК «Орал обаға қарсы күрес станциясы» филиалы;

7. «СВА Интертич» ЖШС;

8. «INVIVO» ЖШС;

9. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ;

10. «A-Class Medical» ЖШС (келісімшарт бойынша).

Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін зертханалардың мекен жайы мен жұмыс уақыты stopcovid.kz. сайтында орналасқан. ПТР-тестілеудің бағасы 6 мың теңгеден басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы