БҚО-да өзен арнасынан асып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында өзен суының деңгейі көтеріліп, жолды шайып кетті. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 8 ақпан күні сағат 19:00-де Бәйтерек ауданы Рубежин ауылының шетінде орын алған.
3 ақпаннан 6-сына дейін жаңбыр мен қардың жаууынан Рубежка өзенінің деңгейі көтерілді. Соның салдарынан уақытша айналма автожолды (ені 6 метр, ұзындығы 30 метр) су шайып кетті. Негізгі көпір өткен жылдың қыркүйек айынан бері күрделі жөнделіп жатқандықтан (қосалқы мердігер – «Ануш» ЖШС), айналма жол салынған болатын. Дегенмен автокөлік қозғалысына шектеу қойылған жоқ. Қазір өзен арнасы түсуде, елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Оқиға орнына департамент басшылығы да барды. Өзен бақылауда, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенаторлар өнеркәсіп секторының дамуын талқылады
Өзгелердің жаңалығы