БҚО-да мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, Батыс Қазақстан және көршілес Атырау облысы аудандарында мал ұрлығымен айналысқан топ ұзақ уақыт бойы жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында қолға түскен.
БҚО-ның үш тұрғыны қамауға алынып, басқа да ашылмаған мал ұрлығына қатыстылығы тексерілуде.
Қылмыстық топ малдың етін ғана алып, басы мен ішек-қарнын оқиға орнында қалдырып кетіп отырған. Тайпақ полиция бөлімінің қызметкерлері малдың терісі, басы мен ішек-қарнын тапқан. Екі облыс тұрғындарынан түскен арыз нәтижесінде мал иелері табылды. Олар Атырау облысы Индер ауданының тұрғындары болып шықты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы