БКО-да күн электр стансасы салынады

Биыл Батыс Қазақстан облысында күн электр стансасының құрылысы басталмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Энергетика министрлігі тиісті аукцион өткізіп, инвесторды анықтады.

Теректі ауданында салынатын қуаты 20 мегаваттық станса құрылысына 20 миллиард теңге инвестиция құйылады. Өңірде бұған дейін 380 МВТ электр қуаты өндіріліп келсе, енді ол көрсеткіш 400-ге жетпек.

Мамандардың мәлімдеуінше, жаңартылатын қуат көздерінен алынған электр энергиясын нарыққа шығаруға мемлекет кепілдік береді.

Теректі ауданы Пойма ауылының жанында Узловая қосалқы стансасы бар, сол жерден жер телімі белгіленді. Енді қазіргі уақытта осы келісім шартты бекіту мақсатында осы қаржы институттарына ұсыным жіберілді Қаңтар айында қорытындысын алып, мердігер мекеме жұмысқа кірісуге міндетті. Осы аталған жобаны 2 жыл мерзімде келісім-шартқа сәйкес жүзеге асыруға тиісті мердігер мекеме, - дейді БҚО энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Мирас Мүлкәй.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы