БҚО-да ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды, деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлері кішкентай қыздың өмірін сақтап қалу үшін қан тапсырды.
Қызметкерлердің арасында мұқтаж адамдарға үнемі көмектесетін донор қызметкерлер бар.
Іс-шараның мақсаты – мұқтаж адамдарға көмек көрсету.
Ең алдымен барлық донор медициналық тексеруден өтеді. Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана қан тапсырады. Әр донордан 450 мл қан алады. Бұл процедура 20 минуттан аспайды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысында ауылшаруашылық техникасы жаппай тексерілуде
Өзгелердің жаңалығы