БҚО-да егін даласында тоқ соққан комбайншы мерт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында комбайн айдап келе жатқан механизаторды тоқ соқты, деп хабарлайды Мой город порталы.
БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қайғылы оқиға 21 шілде күні сағат 11:50 шамасында Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Достық ауылынан 4 шақырым қашықтықта болған.
Астық жинайтын комбайнның тізгініндегі 26 жастағы оператор-механизатор егін даласында жұмыс істеп жатып, электр тарату желісін басып кеткен. Салдарынан оны тоқ соқты. Механизатор оқиға орнында көз жұмды, – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.Оқиға орнына БҚО төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері барған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыдан Түркістанға әуе рейсі іске қосылды
Өзгелердің жаңалығы