БҚО-да 4 тонна дән тиелген жүк көлігі өртеніп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында 4 тонна зығыр дәнінің тұқымы тиелген жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлады aikyn.kz.
ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 мамыр күні Теректі ауданы аумағында болған.
Самара-Шымкент жолында Жаңаөмір ауылына бұрылар тұста 1983 жылғы жүргізуші рульге ие бола алмай, ГАЗ-53 автокөлігі аударылып қалған.
Соның салдарынан автокөлік отқа оранып, тұқым ішінара өртеніп кеткен. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жау» сағат 18:10-да толықтай ауыздықталды.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкенттік полицейлер адасып кеткен жасөспірімді тапты
Өзгелердің жаңалығы