Батыс Қазақстанда 1500-ге жуық жол ережесінің бұзылуы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы кезінде 1500-ге жуық жол ережесінің бұзылуы анықталды.

25-30 наурыз аралығында Орал қаласы аумағында «Қауіпсіз жол» атты жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылды. Алты күндік шарада қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция бөлімінің инспекторлары көлік ағыны толастамайтын, көп сыйымдылықты көліктер қозғалысы орын алатын, көшелерде рейд жүргізді. Темір тұлпар иелеріне түсінік жұмыстары жүргізіліп, автокөлік иелерінің ережені бұзғаны анықталды. Оларға белгіленген мөлшерде айыппұл салынды. Жол жүру ережесін бұзған жүргізушілер де тоқтатылды, - деп хабарлайды БҚО полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Апаттылықтың жай-күйін талдауды есепке ала отырып рейдке шыққан жол инспекторлары жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарды анықтап, көлікті мас күйде басқарған 16 тұлғаға, қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттырған 312 тұлғаға хаттама толтырылған.

Жол үстінде қауіпсіздік белдіктерін тақпаған 119 жүргізуші анықталды. Ұялы телефонмен сөйлесуді бақылауды күшейту нәтижесінде 56 жүргізушінің темір тұлпар тізгінінде келе жатып өзгелермен сөйлескені анықталды. Сонымен қатар сақшылардың назарына басып озып кеткен, қарсы бағытта жүрген жүргізушілер ілікті. Рейд кезінде жаяу жүргіншілер өтпесінен өтпей, кез-келген жерден жолды кесіп өтпек болған, апат тудыруға себепкер болған 162 жаяу жүргінші жол ережесін бұзды. Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқаруы үшін қайтадан тексерістерден өтуі түсіндірілді. Алты күндік рейд барысында жол патрульдік жасақтарының жолдардағы тығыздығы арттырылды, – деді Орал қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметкері Гүламан Исмағұлова.

Сондай-ақ жол қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды және басқа да құқық бұзушылықты анықтау мен жолын кесу бойынша учаскелік полиция инспекторлары мен полицияның басқа да қызметкерлерін тарта отырып, қалаға жақын орналасқан Круглоозерное, Серебряков, Деркөл, Коминтерн, Желаев ауыл жолдарында рейдтік іс-шаралар жүрді. Көлік инспекциясы өкілдері мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, такси жүргізушілері тарапынан орын алатын жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау, жолын кесу үшін тексерістер ұйымдастырды.

Алты күн ішінде жол жүру ережесінің бұзылуына қатысты 1473 факті орын алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы