Бизнестің жол картасы аясында 2,8 трлн теңгенің жобасы қаржыландырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы он жылда елімізде "Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2,8 трлн теңгенің 16 мыңнан астам жобасы қаржыландырылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшин мәлім етті.

Оның ішінде 2018 жылы 173 млрд теңгенің 1403 жобасы, 2019 жылы 154 млрд теңгенің 2402 жобасы мемлекеттік қолдауға ие болған. Рустам Қарағойшиннің айтуынша, жыл сайын бағдарлама аясында бизнесті дамытуға арналған қаржы көлемі ұлғайып келеді.
Әсіресе қайта өңдеу саласындағы жобалардың саны арты келе жатқаны көңіл қуантады. Көрсеткіш бойынша жобалардың басым бөлігін солар құрап, 1,2 трлн теңгенің 4444 жобасы қаржыландырылған. Сондай-ақ, көлік және қызмет көрсету саласын қолдау бойынша 413 млн теңгенің 3629 жобасы қаржыландырылды, - деп атап өтті холдинг төрағасының орынбасары.
Жобаларды ұсыну мен жеңілдіктерге ие болу бойынша Павлодар (1304 жоба) және Шығыс Қазақстан облыстары (1261 жоба) көш бастап тұр.

Холдинг төрағасының орынбасары карантин кезінде зардап шеккен бизнес субъектілеріне бағдарлама аясында, сондай-ақ өзге де кешенді шаралар аясында қолдау көрсетілетінін атап өтті. 

Бағдарлама аясында бизнесті дамытуға мүмкіндік беріліп, жеңілдетілген несие мен субсидиялар қарастырылғанын атап өткен жөн.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы