Бизнесті қолдау үшін салықтық ынталандыру шаралары қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін онлайн брифинг барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Мәди Тәкиев елдегі төтенше жағдай кезіндегі шағын және орта бизнеске көрсетілетін қолдау шаралары туралы айтты.
Еліміздегі қазіргі жағдайға байланысты Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ШОБ қолдау үшін жедел шаралар қабылдауда. Жаңа бастамалар бизнесті қаржыландыруды, қолжетімділікті арттыруды, бизнесті тексеруден шектеуді көздейді. Президенттің "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі шаралары туралы" Жарлығына сәйкес бизнесті қолдау мақсатында салықтық ынталандыру шаралары қабылданды. Олар экономиканың сауда саласынан бастап туристік бизнеске дейінгі түрлі бағыттарын қамтиды.
Біріншіден, ірі сауда объектілерін, сауда-ойын-сауық орталықтарын, кинозалдарды, театрларды, көрмелер мен спорт объектілерін, қоғамдық тамақтандыру бағытында жұмыс істейтін салық төлеушілерді, қонақ үй және туристік қызметті жыл соңына дейін мүлік салығынан босату керектігі бекітілді. Екіншіден, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібімен жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер де жыл соңына дейін жеке табыс салығынан босатылады. Үшіншіден, агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мақсатында, мүйізді ірі қара және асыл тұқымды балапандарды қамтитын АӨК биологиялық активтерінің импортына ҚҚС салынбайды. Төртіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін жер салығын төлемейді. Бесіншіден, бағаның өсуін нивелирлеу үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін ҚҚС мөлшерлемесі 12% -дан 8%-ға дейін 2020 жылдың 1 қазанына дейін төмендетілді, - деп түйіндеді Мәди Тәкиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаевтың елді неліктен әскерге шақырғаны белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы