Бизнесті қолдау. Павлодарлық кәсіпкерлер қандай қолдауға ие

Ертіс өңірінде небары алты ай ішінде 400-ден астам кәсіпкер мемлекеттік қолдауға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Қолдау шаралары шеңберінде бизнесмендерге «Бірыңғай кешенді бағдарлама» шеңберінде 46 млрд теңгенің несиесі үлестірілген.

Сала мамандарының айтуынша, қолдау тапқан азаматтардың қатарында шығармашылық бағытты да табыс көзіне айналдырған кәсіпкерлер бар. Мәселен, облыс орталығындағы би студиясының иесі мемлекеттен несие алып, студияны өңірдегі ең ірі орталыққа айналдырды.

Студия директоры Татьяна Исаеваның айтуынша, бүгінгі таңда би өнерін меңгергісі келетіндердің саны 400-ден асқан. Сабақтарды өткізу мен концерттерге дайындалуға арналған жабдықталған залдар мен үлкен сахна бар.

Біз тек балалармен жұмыс істейміз. Ішкі нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін қызметтеріміз сапалы әрі қолжетімді болуы шарт. Бұл тұрғыда бізге мемлекеттік қолдау шараларын оң септігін тигізіп келеді. Бимен айналысу үшін үлкен залдар, талапқа сай ғимарат керек. Мақсатымызға қол жеткізу үшін орталықтың құрылысын жүргіздік. Бірнеше жыл бойы ғимаратымызды жаңарта амай жүрдік. Қолдаудың арқасында қаржыландыруға ие болып, би дайындығы үшін бар жағдайды жасадық. Енді шәкірттерімі жарық, таза әрі кең залдарда шығармашылықпен айналыса алады. Жаттықтырушыларымыз үшін де еңбек жағдайы жақсарды. Қазіргі уақытта ірі залымызды жөндеп жатырмыз, - дейді Татьсяна Исаева.

Айта кетейік, мектептің аумағы 700 шаршы метрден асатын заманауи ғимараты бар. Оны жөндеу үшін екінші деңгейді банк арқылы 20 млн. теңгенің несиесі алынды. Бұл соманың

8%-ын мектеп басшылығы өзі төлеп отырса, қалған бөлігі мемлекеттік субсидиялармен өтеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы