Бизнесті қолдау: Алматыда 40 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Кәсіпкерлік пен инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин, Алматы қаласының "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ өңірлік басшысы Светлана Назарюк, "Almaty Finance" ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Заңғар Сәлімбаев кәсіпкерлік субъектілерін қолдау тетіктері туралы айтты.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Қала әкімдігі тарапынан "Бизнестің жол картасы - 2025", "Еңбек", "Қарапайым заттар экономикасы", "Almaty Business-2025" сынды мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар арқылы бизнес субъектілеріне жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Аталған бағдарламалардың қала халқын жұмыспен қамтуда маңызы зор екенін атап өту қажет.
Жалпы алғанда, барлық мемлекеттік бағдарламаларды қамту жағынан бұл шамамен 40 млрд теңгені құрайды, оларды кезегімен жүзеге асыру шамамен 30-40 мың жұмыс орнын ашуға негіз болады, – деп хабарлады басқарма басшысы.
Олардың ішінде "Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасының аясында жыл соңына дейін 3 240 жұмыс орнын құруға арналған 360 жобаны бекіту жоспарланған. Жыл басынан бері 545 жұмыс орнына есептелген құны шамамен 900 млн теңге болатын 65 жоба мақұлданды. Айта кетерлігі, бағдарламаға өзгерістер енгізілген болатын.
Бағдарламадағы қосымша өзгерістер аталған бағдарлама аясында қызмет түрлері бойынша алынып тасталған шектеулерге қатысты. Басында ол өңдеуші өнеркәсіпке бағытталған болса, қазір оған барлық басқа салалар да енген, – деді Е.Оразалин.
"Бизнестің Жол картасы - 2025" аясында субсидиялау және қарыздарға кепілдік беру құралдары арқылы қолдау көрсетіледі. Осылайша, субсидиялау кезінде түпкі қарыз алушыға несиенің пайыздық мөлшерлемесі жылына 6%-ды құрайды. Сонымен бірге, кәсібін жаңадан ашатындарға несиенің 85%-на дейінгі сомасына кепілдік берілсе, бұл сома бұрыннан келе жатқан кәсіпкерлер үшін 50%-ды құрайды.

"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жалғасуда, соның аясында кәсіптерін жаңа бастаушы кәсіпкерлер жеңілдетілген несиені 6%-дан аспайтын жылдық мөлшерлемемен 8 мың АЕК дейін ала алады. Қаржы инвестициялау мақсатында 5 жылға, айналымдағы қаржыны толықтыру үшін 3 жылға дейін беріледі. Бағдарламаның бюджеті 1,9 млрд теңгені құрайды.

"Ол шағын бизнес пен шағын кәсіпкер үшін ыңғайлы. Жыл басынан бері жалпы сомасы 334 млн теңге болатын 20 жоба қаржыландырылды. Жыл соңына дейін 545 жұмыс орнына есептелген, 140 жобаны қаржыландыру күтілуде, – деп атап өтті Е.Оразалин.

Сонымен бірге, "Almaty Business-2025" бағдарламасының аясында бизнес субъектілерін қаржыландыру жалғасуда. Бағдарлама "Almaty Finance" ЖШС қаржылық институты мен "Almaty MFO" микроқаржылық ұйымы арқылы жүзеге асырылуда.

"Almaty Finance" ЖШС, сонымен бірге, "Almaty MFO" еншілес ұйымы "Almaty Business-2025" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Алматы Азық" ЖШС қызметін қайта құру жолымен ашылған.

"Almaty MFO" 53 млн теңгеге дейін, "Almaty Finance"  20 млн теңгеден 300 млн теңгеге дейін жылдық 2 және 7 %-дық мөлшерлемемен 84 айға дейін (7 жыл) қаржыландыруды жүзеге асырады.

Қаржыландыруда басымдық жаңадан құрылған Алатау және Наурызбай аудандарына, ал салалық құрылымдар бағытында – өндіріс, өңдеуші өнеркәсіп, азық-түлік өнеркәсібі және басқа да салаларға беріледі, – деді басқарма төрағасының орынбасары З. Сәлімбаев.

Оның келтірген мәліметі бойынша, қазіргі уақытта "Almaty MFO"-да жалпы сомасы 149,5 млн теңге болатын 7 жоба жіті пысықталуда, оның артынша 22 жұмыс орнын ашу көзделген, құны 240 млн теңге болатын 59 жұмыс орнына есептелген 15 жобаны қаржыландыру мақұлданды, 58 жұмыс орны ашылады, 239 млн теңгеге 14 займ берілді.

Осылайша, тындырымды әзірлік барысында жобалардың жиынтық саны 2 887 млн теңге болатын 29 жобаны құрады және онда 292 жұмыс орны ашылады, 133 жұмыс орны бар 909 млн теңгенің 33 жобасы мақұлданып, 96 жұмыс орнын қамтамасыз еткен 531 млн теңгенің 22 жобасы қаржыландырылды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы