Бизнесмендерден жүйелі түрде ақша бопсалаған этностық қылмыстық топ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Этностық қылмыстық топтың құқыққа қарсы іс-әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті баспасөз қызметі хабарлады.


Аталған топ бизнес-орта өкілдерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қатері арқылы ақша қаражаттарын жүйелі түрде бопсалаумен айналысқан.



«2019 жылдың 10 қыркүйегінде Елордада арнайы операция өткізіліп, аталған қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері кәсіпкерден жалған қарызын қайтару үшін «Toyota» маркалы автокөлігін қорқытып  алу кезінде ұсталған», - делінген хабарламада.

Фигуранттарды ұстау барысында 11 оқ-дәрісі бар «Макаров» тапаншасы және 5 оқ-дәрісі бар травматикалық тапанша табылды.


Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы