Бизнеске заңсыз араласу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Антикор бизнеске заңсыз араласу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағымдағы жылдың басынан бастап кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілері бойынша 6 лауазымды тұлғаға қатысты 8 сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, оның ішінде 5 іс сотқа жолданды.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Мемлекет басшысы отандық бизнестің қатысуымен өткен кезекті кеңесте құқық қорғау органдарына бизнесті қорғау саласында бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын.
Агенттік бұл тапсырманы 3 негізгі бағыт бойынша іске асырады:
1. «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде бизнес субъектілеріне құқықтық көмек көрсету;
2. кәсіпкерлердің өтініштерін сапалы және уақтылы қарау;
3. адал кәсіпкерлерді қылмыстық қудалауға негізсіз тартудан қорғау. Ол үшін Агенттік ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеудің аумақтық департаменттерінің келісуін және бизнеске қатысты жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізуді көздейтін алгоритм әзірленіп, қолданылуда (жеткізуді, ұстауды; күдікті ретінде тануды; қорғауға құқығы бар куә, куә ретінде жауап алуды; тінту, алу, тексеру, құжаттаманы алу, жоспардан тыс тағайындауды келісу көзделген тексерулер; тыйым салу, мүлікке уақытша шектеулер белгілеу).
Бұл алгоритмді қолдану кәсіпкерлерді 900-ден астам тергеу әрекетінен қорғады. Бұл кәсіпкерлердің 9 айдан астам жұмыс уақытын үнемдеуге мүмкіндік берді. Бизнесті қорғау жұмыстары жалғасады.