Бизнеске қарсы қозғалған қылмыстық істер 4 есе азайған

Енді кәсіпкерлерге қарсы іс қозғалса оған тәулік ішінде баға берілуі мүмкін. Бұл туралы еліміздің Бас Прокуроры Берік Асылов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Прокурорларға қозғалған істерді 24 сағат ішінде тексеру тапсырылды. Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, біз басталған істі дереу тоқтатамыз. Аталған нұсқаудың нәтижесі де көріне бастады. Мысалы, Қаржылық мониторинг агенттігі бұрын айына орта есеппен 150 қылмыстық іс тіркесе, нұсқау шыққанан ері ол көрсеткіш 4 есе азайды. Жаңа талаптар БАҚ пен әлеуметтік желі арқылы жұртшылыққа жеткізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, - деді Берік Асылов.

Сонымен қатар кәсіпкерлермен кездесуде Берік Асылов Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында бизнесті заңсыз тексеруден және әкімшілік кедергілерден қорғау, кәсіпкерлерді қылмыстық орбитаға негізсіз тарту фактілерінің жолын кесу, - осы салаларды цифрландыру бағыттары бойынша жүйелі және дәйекті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Оның нәтижесі де бар. Ең әуелі тексерулерді 7 есе қысқарта алдық. Тексерілетін бизнес субъетілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» автоматтандырылған жүйесі арқылы жыл сайын мыңға жуық заңсыз тексерудің жолы кесіледі, - деді Прокурор.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы