Бүгiн 2026, 18:31 Фото: atameken.kz

Бизнеске идея емес, қолдау керек: Отандық инвесторларды не күтіп тұр?

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында ҰКП Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев жетекші БАҚ басшыларымен, бас редакторлармен, журналистермен және сарапшылармен кездесу өткізді.

Жиында Қанат Шарлапаев бүгінде іс жүзінде барлық стратегиялық экономикалық міндеттер кәсіпкерлікті дамытумен тікелей байланысты екенін айтты.

Күшті және бәсекеге қабілетті бизнессіз жаңа өндіріс, инвестиция, жұмыс орындарын құру, шикізаттық емес экспорттың өсуі және аймақтық даму мүмкін емес.

Әрбір экономикалық көрсеткіштің артында нақты кәсіпкерлер, бизнес және жұмыс күші тұрады. Сондықтан шешім қабылдау ғана емес, олардың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін, бизнестің өсуі үшін шын мәнінде қандай жағдайлар қажет екенін түсіну маңызды, – деді Шарлапаев. 

Палата басшысының айтуынша, бүгінде «Атамекен» ҰКП рөлі дәстүрлі түрде кәсіпкерлер құқығын қорғаудан әлдеқайда кең. Палата экономикалық саясатты қалыптастыруға, заңнаманы жетілдіруге, отандық өндірісті дамытуға, инвестициялық күн тәртібіне, экономиканы кадрмен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысады.

Соңғы екі жылда ҰКП-ның сараптамалық алаңдары арқылы 6 мыңнан астам нормативтік құқықтық актілердің жобасы қаралды. Олардың көпшілігі бойынша шешімдер қабылдау кезінде бизнес ұсыныстары ескерілді. 2025 жылы салық мәселелері бойынша 161 миллиард теңгеден астам сомаға кәсіпкерлердің мүддесі қорғалды.

Изображение
Изображение

Басқосуда салық реформасы мен жаңа Салық кодексі талқыланды.

Қанат Шарлапаев «Атамекен» ҰКП жобаны талқылауға басынан белсенді түрде қатысып, экономиканың барлық аймағы мен секторы бойынша кәсіпкерлердің ұсынысын біріктіргенін жеткізді. 

Оның айтуынша, талқылаулардың нәтижесінде бизнестің бірқатар негізгі мәселесі бойынша теңгерімді шешімдер қабылданды.

Нақтырақ айтсақ, арнаулы салық режимдеріне шектеулер тізбесі қазіргі деңгейде сақталып, оңайлатылған режимді қолдану шегі 2,5 млрд теңгеге дейін көтерілді, ҚҚС мөлшерлемесі мен міндетті тіркеу шегі бойынша ымыраға қол жеткізілді.

Бизнес үшін салық мәселесінен бөлек, нақты ережелер, болжамды жұмыс шарттары және болашаққа сенімді жоспар құру маңызды, – деп мәлімдеді Қанат Шарлапаев.

Ол салық реформасын талқылау техникалық параметрлер шеңберінен шығып, іс жүзінде мемлекет пен бизнес арасындағы қарым-қатынас философиясын қозғайтынын атап өтті.

Изображение
Изображение
Изображение

Бір жарым айдың ішінде Қанат Шарлапаев еліміздің барлық 20 өңірінде болып, 2,5 мыңға жуық кәсіпкермен кездесіп, түрлі саладағы 77 кәсіпорынды аралаған.

Осы сапарлардың қорытындысы бойынша кәсіпкерлік Мәселелер тізіліміне 346 мәселе енгізілді, олардың кейбіреулері практикалық тұрғыда оң шешімдерін тапты. Кәсіпкерлер әкімшілік кедергілерді, ұзаққа созылатын рәсімдерді, қаржыландыру қиындықтарын, жер мәселесін, экспорттық шектеулерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін жиі кездесетін қиындықтар деп атайды.

Қанат Шарлапаевтың сөзінше, өңірлік сапарлар аймақтардың нақты салалық ерекшеліктерін де, бүкіл елде жиі кездесетін жүйелі проблемаларды да түсінуге мүмкіндік берді.

Осы кездесулердің қорытындысы бойынша өте қарапайым тұжырымға келдім. Бүгінде кәсіпкерлер инвестиция салуға, жаңа жобаларды іске қосуға, жұмыс орындарын ашуға дайын. Бірақ олар көп жағдайда идеялар немесе мүмкіндіктер тапшылығына емес, әкімшілік кедергілерге, ұзаққа созылатын рәсімдерге және мен қолдау шараларын алу кезіндегі қиындықтарға тап болады, – деді ол.

Сонымен қатар, бірқатар өңір жер мәселесін шешу мен қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуден бастап, экспорттық квоталарды түзету, әкімшілік шектеулерді жоюға дейін нақты нәтижелерге қол жеткізді.

Изображение
Изображение
Изображение

Кездесу барысында инвестициялық саясат пен жобаны қолдау мәселелері де талқыланды. Қанат Шарлапаев кәсіпкерлер жаңа өндіріске және бизнесті кеңейтуге инвестиция салуға дайын болғанымен, іс жүзінде олар мақұлдаудың күрделі процедураларымен және көптеген мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу қажеттілігімен жиі кездесетінін айтты.

Осыған байланысты «Атамекен» ҰКП даму институттарымен бірлесе отырып, инфрақұрылымдық және реттеуші кедергілерді жоюды жеделдетуге және жобаны іске асыру жағдайларының болжамдылығын жақсартуға мүмкіндік беретін отандық инвесторларды қолдаудың «бір терезе» жүйесін әзірлеуде.

Сондай-ақ жиында мемлекеттік реттеуді цифрландыру, отандық тауар өндірушілерді қолдау, қаржыландыруға қолжетімділік, бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мәселелері қаралды.

Одан бөлек, ҰКП басшысы болжамды нормативтік-құқықтық орта құрудың және кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Бүгінде бизнес үшін ережелердің тұрақтылығы, реттеу сапасы, болашаққа сенім ерекше маңызды. Бұл кәсіпкерлерге инвестиция салуға, өндірісті кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін жағдайлар, – деді ол.

Изображение
Изображение

Отырысты қорытындылаған Қанат Шарлапаев Ұлттық палата бизнес, мемлекет және қоғам арасындағы ашық және мазмұнды диалогты дамыту бойынша жұмысты жалғастыратынын баса айтты.

Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлердің мәселесін жай ғана анықтау емес, оларды шешу жолдарын іздеу. Бұл тәсіл ел экономикасы мен бизнесінің тұрақты дамуы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді, – деп түйіндеді сөзін Палата Төрағасы.