Бизнес үшін - шығындарды азайтатын заң қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды.

Біріншіден, стандарттарды таратуға әр елде тек бір ұйым ғана құқылы. Бұл стандарттау жөніндегі ұлттық орган немесе ол уәкілеттік берген ұйым болуы мүмкін. 

ТМД-ның кейбір елдерінде стандарттарды таратуға құқылы әртүрлі ұйымдар бар. Бізде бұл мәселе шешілді. Екі жыл бұрын күшіне енгізілген «Стандарттау туралы» заң жобасы бойынша бұл құқық Қазақстан метрология және стандарттау институтына бекітілді. Екіншіден, ТМД-ға мүше мемлекеттердің мемлекетаралық стандарттарды рұқсатсыз таратудан қорғауды заңнамалық деңгейде қамтамасыз ету. Біздің ұлттық заңнамамыз мұндай фактілерді анықтау іс-шараларын қарастырмайды. Осыған байланысты, біз стандарттарды рұқсатсыз таратқаны үшін әкімшілік айыппұл енгізу бойынша өз ұсыныстарымызды дайындадық, - деді Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, ұсыныстар әкімшілік кодекске өзгерістердің орталықтандырылған пакетін қалыптастыру кезінде есепке алу үшін Әділет министрлігіне жіберілді. 

Басқа елдерде мұндай тәжірибе бар. Мысалы, Беларусь Республикасында заң бұзушылықтар үшін айыппұлдар қарастырылған, ал мемлекетаралық стандарттарды рұқсатсыз тарату қызметі заңсыз болып саналады.

Өзара іс-қимылды үйлестіру стандарттар жөніндегі бюро арқылы орталықтандырылып жүзеге асырылатын болады. Мұндай тәсіл іске асырылатын мемлекетаралық стандарттарды орталықтандырылған есепке алуды, оларды пайдаланудың заңдылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда Келісімге қол қойған көптеген елдер –  Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова және Өзбекстан Республикалары мемлекетішілік рәсімдерді аяқтады. Осы келісімді ратификациялау мынадай мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді; мемлекет үшін - мемлекетаралық стандарттарды заңды тарату, оларды осы заманға бейімдеу үшін құқықтық негіз жасайды; бизнес үшін - шығындарды азайтады, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы