Бизнес өкілдері Ұлттық даму жоспарының жобасына идеяларын ұсынды
Бизнес өкілдері 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының жобасына өз идеяларын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Реформалар агенттігінде 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының жобасын талқылауға арналған стратегиялық сессиялар циклі жалғасуда.
Өткен кездесулердің негізгі тақырыптары өңдеу өнеркәсібі, көлік-логистикалық кешен, сондай-ақ шағын және орта бизнес саласы болды.
Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Төлеуовтің айтуынша, өзгерістер Ұлттық даму жоспарынан кейін мемлекеттік жоспарлау жүйесін жаңарту шеңберінде барлық төмен тұрған құжаттарды қамтиды.
Осыған байланысты Реформалар агенттігі әлеуметтік-экономикалық саясаттың барлық бағыттары бойынша проблемалық мәселелер мен ұсыныстарды кеңінен талқылауға ашық, - деді ведомство басшысының орынбасары.
Өткізілген талқылаулар шеңберінде бизнес-қауымдастықтардың өкілдері өнеркәсіптік қауіпсіздікке, машина жасау саласын дамытуға, қазақстандық өндіріс тауарларының бірыңғай тізілімін құруға қатысты ұсыныстарын білдірді, сондай-ақ халықаралық автотасымалдарды дамыту және елдің көлік-логистикалық жүйесін цифрландыру жөніндегі шаралар қарастырылды.
«Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Мұрат Әмрин Ұлттық даму жоспарының жоғары мәртебесін атап өтіп, экономика салаларын дамытуда стратегиялық жоспарлаудың маңыздылығы жайлы айтты.
Өткен жылдың тамыз және қыркүйек айларында Ұлттық даму жоспарын әзірлеу барысында Палата өкілдері талқылауға қатысқан болатын. Бүгін біз Агенттіктің үлкен жұмыс атқарғанын, қазірдің өзінде бірқатар ұсыныстарымыздың құжат жобасында ескерілгенін көріп, Жоспарды әзірлеудің соңғы кезеңіне қатысып жатқанымызға қуаныштымыз, - деді ол.
Іс-шараларға «Атамекен» ҰКП, «ҚР химиктер Одағы», «Қазақстандық автобизнес қауымдастығы», «Қазақстан машина жасаушылар Одағы», «Өңдеу өнеркәсібі одағы», «ҚР Жиһаз жасаушылар гильдиясы», «ҚР Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы», «Буып-түюшілер қауымдастығы", «Жасыл-Орман шаруашылығы және орман өңдеу қауымдастығы», «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы», «Вагондар (контейнерлер) операторлары мен тасымалдаушыларының Қазақстандық қауымдастығы», «Қазақстандық жүк теміржол тасымалдаушыларының қауымдастығы», «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік Одағы» ЗТБ, «PTC Holding» ЖШС, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өкілдері қатысты.