Бизнес нысандары карантин тәртібін көп бұзады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, ереже бұзғандар нысандардың басым көпшілігі Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары, Шымкент және Алматы қалаларына тиесілі.
Қазіргі кезеңде республикада бизнес тарапынан 1860 мобильдік мониторингтік топтар жұмылдырылып отырған көрінеді. Олар бизнес тарапынан бұзушылықтарды анықтауды жалғастырып отыр.
Кәсіпкерлік субъектілері әлі күнге дейін пандемия жағдайында қызметті жүзеге асыру талаптарын сақтамай отыр. Сонымен, шілде айында мониторингтік топтар жүргізген зерттеуде 53 459 нысан қамтылған. Олардың ішінде 1 586 нысанда бұзушылықтар анықталды. Ол маусым айымен салыстырғанда 1,6 есеге артық, - деді Денсаулық сақтау министрі.
Одан басқа, Ашық жүйесі белсенді түрде енгізіліп жатыр. Оған қызметтің бүкіл саласының 19 мыңнан астам нысаны тартылған. 4 млн қолданушы тіркеліп үлгерген. Министрдің айтуынша, Ашық жүйесін енгізгеннен бастап «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 18 260 адам анықталды. Олардың ішінде, 10 102 адамның ПТР-сынамасы оң және 8 158 адам науқаспен байланыста болған. Осылайша, COVID-19-дың 50 мың жаңа жағдайының алдын алдық деп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы Қостанайда атап өтілді
Өзгелердің жаңалығы