Қиын кезеңде бизнес ашуға 37 мың өтініш түсті – Ахметов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту департаментiнiң директоры Шыңғыс Ахметов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты.
Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 2020 жылдың жарты жылында бизнес ашуға 90 мың өтініш түсті. Оның ішінде, 16 мың заңды тұлға, 74 мыңы жеке кәсіпкер. Бизнес ашуға қиын кезеңде, яғни осы жылдың екінші тоқсанында 37 мың өтініш келіп түсті. Оның ішінде, 6 300 заңды тұлға, 30 мың өтініш жеке кәсіпкерлерден келіп түсті, - деді ол.
Ахметов айтып өткендей, шағын және орта бизнесті қолдауға бірқатар шара қабылданды.
"БЖК-2025" бағдарламасы аясындағы барлық салалық кедергіні алып тастадық. Шағын және орта бизнеспен айналысқысы келген кез келген адам қаржыландыруға ие бола алады. Қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеге дейін көтердік, бұрын ол 2,5 млрд теңгені құрайтын еді, - деді ол.
Ахметов кәсіпкерлерге салынатын салыққа қатысты пікірін білдірді.
Шағын және микро бизнес өкілдері 3 жылға салықтан босатылған. Бұл 1 млн-нан астам кәсіпкерді қолдауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ТЖ мен карантин кезінде көп зардап шеккен 20 бизнестің түріне жеңілдік қарастырылды. Қазір біз кәсіпкерлерге қолдау көрсету шараларын жүзеге асырып жатырмыз, - деді ол.Айта кетейік, "Даму" қоры карантинде 6 мың жобаға қолдау көрсетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Даму" қоры карантинде 6 мың жобаға қолдау көрсетті
Өзгелердің жаңалығы