Бизнес ашу бойынша 50 мыңнан астам ауыл әйелі оқытылды – Оқапова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясының менеджері Асыл Оқапова "Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі - қолдау бағыттарын анықтау және кедергілерді еңсеру" дөңгелек үстелі барысында айтты.
"Белестер" әлеуметтік жобасы биыл 10 жыл жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ 5 жыл бұрын "Ауыл әйелдерінің форумы" республикалық форумын өткізуді де қолға алған едік. Әлеуметтік жобаның 10 жылында 50 мыңнан астам ауыл әйелдері оқытылды. 2 жыл бойы онлайн платформада жұмыс істеп жатырмыз,-деді ол.
Оқапова айтқандай, білім алған әйелдер грант алуға үміткер бола болады.
Әлеуметтік грант алып, өз кәсібін ашқан 100-ден астам ауыл әйелі бар. Биыл конкурс наурыз-қазан аралығында өтеді. Биыл тағы 4 өңірлік форум өткіземіз. Қарашада қорытынды республикалық форум өтеді,-деді Оқапова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қай өңірдің әйелдері бизнес ашуға бейім?
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы