Біздің төлқұжатымызға ие болу – халықаралық аренада беделді елдің азаматы болу
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА-ның Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының Пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Барлық елдерге еркін бара алу және өзін заманауи әлемнің ажырамас бөлігі ретінде сезіну деген сөз. Бұл әрқашан және барлық жерде өз мемлекетіңіздің қорғауында болу дегенді білдіреді,-деді Президент.
Оның айтуынша, Қазақстанның төлқұжаты біздің бірлігіміз бен келісіміміз негізге алатын озық құндылықтарды қамтиды.
Өз кезегінде Қазақстанның көк байрағы қасиетті Тәуелсіздігімізді, сан ғасырлық мемлекеттігімізді айқын бейнелейді. Ірі халықаралық спорттық жарыстарда және басқа да осыған ұқсас іс-шараларда туымыз көтерілген сайын біздің елімізге деген мақтаныш сезімі әрқашан көтеріледі,-деді Мемлекет басшысы.