Біздің оқушылар «стахановшылар» сияқты. Смирнова оқу бағдарламасын жаңартуды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Мәжіліс отырысының кулуарында айтты.
Мектеп кез келген мемлекеттің жүйесін қалыптастырады. Мектепте болып жатқан жағдай өте маңызды. Егер мектептегі білім сапасыз болса, мемлекеттің болашағы жоқ. Бұл туралы айтудан шаршамаймын. Бұрынғы министр Аслан Сәрінжіповтың кезіндегі оқу бағдарламасына біз қарсы шықтық. Осы жерде сол адамдар отыр. Қазақстан географиясы пәнін алып тастағысы келді, елестете аласыздар ма? Тек жұртшылықтың ғана ол пәнді қалдыруға қауқары жетті. Қазір оқу бағдарламасын жаңартудың жаңартуы болып отыр, - деді ол.
Депутаттың айтуынша, бұл оқу бағдарламасын өзгерту керек.
Себебі онда не болып жатқанын бәріміз білеміз. Кітаптарда қате көп. Өзара байланыс та жоқ. Балаларына білім беріп жатқан ата-аналарға алғыс айтамыз. Біздің балалар «стахановшылар» сияқты мектептен кейін репетиторларға, шетелдік мектеп интернаттарына барып оқиды. Барлық жерде қосымша оқиды. Ал білім саласына бөлініп жатқан қаржы балалар мен халықтың мүддесіне жұмсалмай отыр. Себебі онда проблема көп, - деді ол.
Депутат тәуелсіз зерттеу кезінде проблема «шаш етектен» екені анықталғанын айтты. Сондықтан ол оқу бағдарламасын жаңартуды отырып тағы бір рет талқылау керегін жеткізді.