Біздің әлем аштық пен қақтығыстарға толы - БҰҰ бас хатшысы

Біздің әлем соғыс пен қақтығысқа  толы.  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жалпы отырысында БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Антониу осылай деп  мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бізге келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу үшін әртүрлілікті байлық ретінде қарастыру үшін және болашақ ұрпақтармен ниеттес болып қалу мақсатында осындай қиын-қыстау кезеңдерде бұрынғыданда мықты рух қажет. Біздің әлем соғыс пен қақтығыс, төтенше гуманитарлық жағдайларға сонымен бірге  экологиялық дағдарыстар мен аштық пен кедейлікке толы.  

Бас хатшы діни айырмашылықтарға негізделген жеккөрушілік сөздер мен кемсітушіліктер де бар екенін атап өтті.

Мен дін лидерлеріне өз қауымдастықтары арасындағы зорлық-зомбылықты қолдамауды және ксенафобияны, нәсілшілдікті сонымен бірге толеранттылықты бұзудың барлық түрлерін қабылдамауды сұраймын. Біз өз заманымыздың сынақтарына төтеп бере аламыз. Бір отбасы болып, бірігіп ауыртпалықты бөлісіп, мәселелерді шешу мүмкіндігіне иеміз. Ол арқылы жайлы әлем құра аламыз.  Мен сіздерге БҰҰ жұмысы мен құндылықтарына қосқан үлестеріңізбен көзқарастарыңызды терең бағалаймын, - деді БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Антониу.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы