Аймағамбетов Арыстағы жарылыс кезінде әйелді босандырған ұстаздарға алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыстағы жарылыс кезінде атыраулық 3 ұстаз жүкті әйелді жол бойындағы ауылдардың бірінде босандырды. Дүниеге келген қыз балаға оларды тасыған жүргізуші Досмұхамедтің анасының есімі - Кәмила берілді. Ал, Балбөпе Утенова кіндік шеше атанды.
Бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қиын күнде жас анаға қолдау көрсетіп, "акушерлік" жасаған атыраулық 3 педагог: Балбөпе Өтенова, Жанат Нұржұманова, Шайза Доскееваны марапаттады."Біздің педагогтар осындай. 2 күн бойы ҰБТ өткізді. Ешқандай шағым болмады. Аппеляция өткізу кезінде осындай қайғылы жағдай болып қалды. Ұстаздар батылдық танытып, жүкті әйелді босандырып алды. Қоғамда мұғалімдерге қатысты түрлі пікір айтылады. Бірақ міне ұстаздардың қандай екенін осы кісілер көрсетті. Біз тек мақтана аламыз. Сіздерге тағы да алғыс білдіремін. Тек қана осындай биіктен көрініңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деген тілек білдірді министр.
Содан соң ол өзіне қарасты ведомство қызметкерлерінің бір күндік жалақысын аударғанын айтты.
"Біз сол күні шешім қабылдап, бір күндік жалақымызды аудардық. Кешегі күнге дейін еліміздегі 20-дан астам ЖОО, 15 ғылыми ұйым да бір күндік жалақысын аударды. Қазір осындай процесс жүріп жатыр... Бұдан бөлек біз 180-нен астам педагог-психологтарды жұмылдырдық. Олар қабылдау пунктерінде көмек көрсетіп жатыр. Оларға бөлек алғыс айтамыз. Біздің мектептер, ЖОО-лар азық-түлікпен қамтамасыз етіп жатыр. Міне, осындай іс кезінде педагог статусы расталады. Бірінші күннен бастап Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы сол жерде (Арыста - авт.)", - деп министр Арыстағы жарылыс кезінде жүкті әйелді босандырған үш анаға Құрмет грамотасын табыстады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сейдахмет 2 жылдан кейін Қазақстанға оралды
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы