Бізді ортақ мақсаттар мен құндылықтар біріктіреді – Дәулет Тұрлыханов

Олимпиада ойындарының күміс, қола жүлдегері Дәулет Тұрлыханов «AMANAT»-тың кезектен тыс XXIV отырысында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әділетті қоғам құру, «халыққа құлақ түретін мемлекет» қалыптастыру жолында елімізде қызу жұмыстар атқарылуда. Талай жыл жауыр болған көп мәселе ретке келе бастады. Президентіміздің бастамасымен ел мүддесіне сай жүйелі реформалар қолға алынды. Спорт саласының дамуына ерекше көңіл бөлініп, жақсы қолдау көрсетілуде, - деді ол.

Оның атап өтуінше, бүкіл өңірде әмбебап спорт кешендер салынған, аулалар мен қоғамдық орындарда жаттығу жабдықтары мен құрылғылар қойылған.

Осы мүмкіндіктерді орынды пайдаланып, ұрпақтарымызды дені сау, мықты қылып өсіруіміз керек. Бәрімізге ортақ жалғыз ғана Отанымыз, мемлекетіміз бар. Бізді ортақ мақсаттар мен құндылықтар біріктіреді. Елімізді қиын кезеңде тастамай, біріктіріп алып шыққан қажырлы еңбегін бағалап, болашаққа бағытталған тың бастамалары мен халықтың мүддесіне арналған жоспарына сенім артып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты бір кісідей қолдауға баршаңызды шақырамын!, - деді Дәулет Тұрлыханов «AMANAT»-тың кезектен тыс XXIV отырысында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы