Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше қателік жіберді – Сенатор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемнің әлегін шығарған індетке біздің денсаулық сақтау министрлігі дайын болмай шықты. Бұл туралы сенатор Мұрат Бақтиярұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Мыңдаған дәрігерлеріміз күндіз-түні дамылсыз, жанын салып жұмыс жасап жатыр. Оларға мыңда бір рахмет! Бірақ індетке қарсы күресте ұйымдастыру жұмыстары барысында министрлік жүйелік түрде қателіктерге бой ұрғызды. Біріншіден, үш ірі қалада тез арада жұқпалы ауруларға арналған модулдік аурухана салынды. /16 млд теңге/ Бұлар көп болса бір мезгілде екі мың ауруға ғана қызмет көрсете алады. Қазір індет бой бермей күннен күнге ушығып бара жатыр. Ал еліміз үш қаладан ғана тұрмайды, одан бөлек он төрт өңір бар. Сондықтанда барлық өңірлердің облыс орталықтарындағы ірі ауруханалар мен жабық спорт сарайларын ,қонак үйлерді алдын ала жұқпалы ауруларға дайындау керек еді. Ал қазір ауырған адамдардың басым көпшілігі үйлерінде жатыр. Мамандардың жетіспеуіне қатысты ерікті түрде зейнетте жүрген дәрігерлерді, медициналық оқу орындарындағы студенттерді, керек болса шетелдерден білікті мамандарды тарту жұмыстары жүргізілмей қалды. Екіншіден, елде дәрі-дәрмек, тест сынамалары тапшылығының болуы, бар дәрілердің бағаларының шарықтап кетуі түсініксіз дүние. Елдегі тұрмыс жағдайы төмен жүз мыңдаған азаматтарымыз медициналық маска алуға мүмкіндіктері жоқ. Оның да жолын табуға мүмкіндіктер бар еді, – деп жазды сенатор.Депутат осы мәселелердің барлығы Сенат қабырғасында көтерілгенін, бірақ министрлік "Өзің білме, білгеннің тілін алма" деген принципте қалғанын айтады.
Үшіншіден, наурыз-сәуір айларында бір ғана пәтердегі азаматтан короновирус анықталса, сол көп қабатты ғимарат түгелімен апталап жабылып қоршауға алынды. Ал қазір ше? Отбасымен ауырып үйлерінде тұрып жатқандар өте көп. Ешқандай логикаға сыймайды. Жаңа министрдің алдында адам өміріне қатысты көп ұйымдастыру жұмыстары тұр. Өйткені елдегі індеттің өршуі мен ауырған адамдарды емдеу шараларының төмендігі халықты қатты алаңдатып отыр. Үкімет , жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып тез арада жүйелі шешімдер қабылдау керек, – дейді сенатор Мұрат Бақтиярұлы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтау теннис орталығы ауруханаға айналады
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы