Біздегі азаматтық қоғам есейген – Айгүл Соловьева
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтік емес ұйымдардың жауапкершілігі артып, қоғамдық көзқарастарының есейгеніне көз жеткіздік. Бұл туралы Қазақстан зерттеулер институты ұйымдастырған сайлау алдындағы күн тәртібін талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында Экологиялық ұйымдар қауымдастығының басқарма төрағасы, белгілі қоғам қайраткері Айгүл Соловьева айтты.
Олардың атқарған шараларына қарап осындай баға беруге негіз болады. Екіншіден, үкіметтік емес ұйымдардың концепциясы, Азаматтық қоғамның алға қарай қалай жылжитын жол картасы бар. Сондықтан азаматтық қоғам алдағы маңызды шараға қалай үлес қоса алады деген сұрақ туындайды.
Халықаралық байқаушылардың есептеріне жүгінсек, ішкі байқаудың, әсіресе, ел ішіндегі жағдайды білетін, саяси трендтерден хабары бар мұндай байқаушылардың маңызы зор. Осының негінде азаматтық қоғам да бастама көтеріп, хартия құрдық, - деді ол.
Оның айтуынша, құжат Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының, БҰҰ-ның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактісінің, Копенгаген кеңесінің құжатында көрініс тапқан ЕҚЫҰ принциптерінің, демократиялық сайлау стандарттары туралы Конвенцияның, еліміздің Конституциясы мен ұлттық заңнаманы негізге ала отырып жасалды.
Үкіметтік емес ұйымдар тәуелсіз байқау жүргізетін Бейпартиялық сайлауды байқау орталығы ашылды. Оның құрамындағы қоғамдық армия сайлау процесіне атсалысады деген ойдамыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы