Бізде баланы жазалау қалыпты жағдайға айналып кеткен – маман

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда "Мықты отбасы – мықты балалар" халықаралық жобасын елімізге енгізудің себеп-салдарына арналған дөңгелек үстел өтіп жатыр.

Мамандардың айтуынша, бұл жоба әлемнің 18 елінде іске асырылуда және осы жылдың наурыз айынан бастап пилоттық жоба ретінде бізде де енгізіле бастаған.
Бұл жоба барысында көпбалалы аналар, бала асырып алғысы келетіндер, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, жалпы бала тәрбиесімен айналысатын адамдар қамтылды. Жоба аясында Алматы, Нұр-Сұлтан және Теміртау қалаларында 10-12 сабақты курс өткізілді, - дейді аталған жобаның үйлестірушісі Алина Аблеева.
Жобада негізінен отбасы құндылықтары, отбасындағы ортақ тәртіп, тәрбиелеудің әдістері, отбасындағы кикілжіңді шешу әдістері сияқты мәселелерді қамтиды.
Онда баланы жазалаудың алдын алуға көп мән берілді, біздің қоғамда бірдеңені бүлдірген баланы жазалау қалыпты жағдай болып кеткен, алайда ол баланың дамуына кері әсер ететінін ескере бермейміз. Міне, курс барысында ата-аналарға балаға дұрыс тәрбие берудің жолдарын түсіндіру және ештеңені мойындағысы келмейтін кезеңде, яғни жасөспірімдермен қалай жұмыс істеу керектігі жөнінде бағыт-бағдар берілді, - дейді ол.
 Сондай-ақ ол, бұл курстың елімізге енгізу маңызы зор екенін атап өтті.
Бұл жобаға қатысқан адамдардың көбі бала тәрбиесіне қатысты өздерінің көзқарастарын өзгертті. Біз айтқан әдісті олар үйдегі баласына қолданғанда оны пайдасы болғанын жеткізді. Әсіресе баласына сабақты қинап оқытатындар оның тілін тауып, өзі қызығушылық танытатын жағдайға жеткініне қуаныштарын білдірді, - дейді Алина Аблеева.

Сонымен қатар, ол бала тәрбиесіне қатысты түрлі жобаларға үйдегі әкелер қатысуға құлық танытпайтынын айтып, өкінішін білдірді.
Әкелер көбінде бала тәрбиесімен шешесі айналысу керек деп ойлайды. Сондықтан ата-ананың ойы бір жерден шықпай жатады, ол үшін осындай жобаға отбасы түгел қатысса нәтиже жоғары болар еді, - дейді маман.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы