Bizbirgemiz: Павлодарлық мектеп ұжымы 600 бетперде тігіп, тұрғындарға таратты
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы 600 бетперде тігіп, тұрғындарға таратты. Игі шара республикалық "Біз біргеміз" акциясы шеңберінде өтті.
Айта кетейік, алдымен "Біз біргеміз" акциясы шеңберінде челендж жарияланды. Мектеп басшылығы қызметкерлер мен оқушылар қауымын күрделі эпидемиологиялық кезде халыққа қолдау көрсетуді үгіттеді.
Нәтижесінде оқушылар маска тігуді ұйғарып, тұрғындарға тарату туралы шешім қабылдады. Мектеп жатақханасының меңгерушісі Эльмира Жортарованың хабарлауынша, біз карантин кезінде бос отырмай, қоғамға пайдасын тигізуді көздеген.
Наурыз айынан бері жастарымыз өз күштерімен 600 бетперде тікті. Біз қарттар үйі, қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы, Павлодар қаласының №4 емханасы, жергілікті полиция бөлімшелері сияқты мекемелердің қызметкерлерін қамтыдық.Игі істі жергілікті кәсіпкерлер де қолдапты. Олар мектеп ұжымына мата сатып алуға қаржы бөлген.
Сонымен қатар, "Ақкөңілділер клубы" бірлестігінің волонтерлеріне 100 дана таратылды, - дейді жатақхана меңгерушісі Эльмира Жортарова.
Еске салсақ, Назарбаев зияткерлік мектебі "Біз біргеміз" акциясы шеңберінде қайырымдылық шараларды ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Өткен қыста Павлодар қаласының №4 емханасының ауласы мен жалғызбасты қарттардың аулаларын қардан тазалап берген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: Алматыда тесттен қай жерде өтуге болады?
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы