Мүшәйра: «Біз жастарға сенеміз»
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Біз жастарға сенеміз» атты жас ақындар байқауына өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен брифинг барысында айтылды.
Елорда әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, осымен үшінші жыл қатарынан елордалық Қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен жас ақындар арасында мүшәйра өткізіліп келеді.
"Бұл байқау қазақстандық поэзияда жас есімдерді анықтап, олардың әрі қарай дамуына және жас ақындардың әдебиет өнерінің мэтрлерімен өз шығармашылығымен бөлісуіне мүмкіндік жасайды" - жасайды дейді ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы.
Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы жас ақындар қатыса алады. Өтінім 29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін қабылданады.
Бірінші орынды иеленген ақын - 300 000 теңгеге, екінші орын - 200 000 теңгеге, ал үшінші орын иегері - 100 000 теңгеге ие болады.
Сондай-ақ ұйымдастырушылар «Үздік ақын» аталымын тағайындады. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімі қазан айында белгілі болады деп жоспарланған.
Әдеби байқаудың шарты мен толық ақпаратты jasaqyn.kz сайтынан білуге болады.