Біз қазір әділетті, таза, қауіпсіз әрі қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциясының 30 жылдығына арналған "Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы" атты ғылыми-практикалық конференцияда қауіпсіз әрі қуатты Қазақстанды құрып жатқанын айтып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Біз бәріміз төл тарихымызға қазақтың қайта жаңғыру дәуірінің өкілі ретінде енуге тиіспіз. Себебі бәріміз бір дәуірде өмір сүреміз, еліміздің болашағына бірге жауаптымыз. Біздің ұрпақ міндетті түрде үлкен жетістікке куә болып, табысқа жетуі керек. Балаларымыз бен немерелерімізге дамыған, өркениетті, құқықтық ел қалдыруымыз қажет. Бұл – біздің тарихи борышымыз. Осы мақсатқа жету үшін біз қазір Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз. Түптеп келгенде, бұл – ұлттық идеология. Біздің басты міндетіміз – озық ойлы, бәсекеге қабілетті ұлт болу, халықтың әл-ауқатын арттыру, елдегі тұрақтылықты сақтап, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету. Сондықтан қазақ елінің қастерлі төлқұжаты – Конституциямыздың әр бабы мүлтіксіз орындалады. Бұл – баршаға ортақ міндет. Бәріңізге мәлім, мен 8 қыркүйекте халыққа Жолдауымды жариялаймын. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы маңызды мақсат-міндеттерді айқындаймын, - деді Президент.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы