Біз Қазақстанда не болғанын нақты білмейміз – Тьерри Мариани

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрлігі Франциядан сайланған депутат, «Бірегейлік және демократия» тобының мүшесі Тьерри Марианидің Еуропалық Парламент сессиясында Қазақстандағы жағдайға орай қарар жобасының енгізілуіне байланысты сөйлеген сөзін жариялады.

Нұр-Сұлтан және Қазақстанның басқа да қалалары жантүршігерлік қақтығыстар театрына айналды. Қазақстан тәртіпті қалпына келтіру үшін тіптен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына жүгінуге мәжбүр болды және мен ондағы шетелдік әскерилердің барлығына дерлігі өз елдеріне қайтып оралғанын атап өтемін. Сол себепті күн тәртібіне мұндай пікірталастарды талқылау енгізілігенін біліп, таңқалдым. Алғашында қуандым. Біздің парламент бұл елдің тәуелсіздік алғаннан бергі тұрақтылығын талқылайтын шығар деп ойладым, - деді Тьерри Мариани.

Оның айтуынша, Тәжікстандағыдай қанды азамат соғысының болмауы, Армения мен Әзірбайжан арасындағы көршілес мемлекеттермен қақтығыстардың жоқтығы. 

Бәлкім, мен онда қалыпқа түскен дамуды қолдаймыз деп пайымдаған едім. Біз Орталық Азиядағы осындай үлкен елмен шикізат ресурстары саласындағы сауда қатынастарымыздың маңыздылығы әңгіме тиегі болар деп ойладым. Мен іштей, бәлкім, аңғалдықпен Қазақстанды исламшыл радикалданудан азап шеккен әлемнің осы бөлігінде діни бейбітшіліктің сақталуымен құттықтаймыз деген ойға қалдым. Бірақ мәселе бұлай емес екен. Мен бұл қарарлар, шын мәнінде, біздің Парламенттің ар-ұжданын тазарту үшін ғана қызмет ететінін ұмытып кеттім. Айыптау керек, егер мүмкін болса, тез арада айыптау керек. Тіптен біздің қолымызда ақпарат аз болса да… Біз Қазақстанда не болғанын нақты білмейміз. Маған дейін сөйлеген басқа спикерлер мұны баса айтты… Алайда, біз шерушілер арасында да, қауіпсіздік күштері қатарында да қаза тапқандар көп болғанын білеміз, - дейі ол. 

Оның айтуынша, «бұл тәртіпсіздіктер инфляциядан туындады ма? Жоқ әлде ел ішінде іріткі салу мақсатында ұйымдарды қаржыландыру үшін Әбілязов мырзаның Қазақстан халқын тонаған миллиардтаған доллары есебінен жасалып жатқан кезекті айла-шарғысы ма? Немесе, бұл саяси шиеленістің нәтижесі ме? Қазіргі уақытта біз ештеңе білмейміз». 

Алайда депутаттардың көпшілігі осы айыптауларды оңды-солды сөз қылуда. Ал Қазақстанның алған асулары, оның жаңа жібек жолдарындағы басты рөлі, саяси эволюциясы назардан тыс қалғаны анық байқалуда. Парламенттегі көпшілікті қызықтыратын басты мәселе – осы жағдайды Ресейге немесе Қытайға қарсы қолдану сияқты. Мен осы оқиғалар кезінде әскери және қатардағы адамдар арасында зардап шегіп, құрбан болғандарға көңіл айтамын және Қазақстан өзінің экономикалық әрі демократиялық дамуына қайта оралып, бейбітшілік таңы ата берсе екен деп тілеймін, - деп түйіндеді ол. 

 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы