Біз қашанда отандық өндірушілерді қолдаймыз – Үкімет басшысы

Бұл туралы үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанады. Біз қашанда өзіміздің отандық өндірушілерді қолдайтын боламыз. Бұл – әрбір әкімнің, әрбір министрдің міндеті. Біз бұл жайлы үнемі айтып жүреміз. Ол тек сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде орындалуға тиіс, – деді Бектенов үкімет отырысында.

Оның айтуынша, импортты алмастыру жұмыстарын, оның ішінде офтейк-келісімшарттар арқылы жандандыра түсу қажет.

Бұл отандық компанияларға өздерін алдағы бірнеше жылдар бойына тапсырыстармен қамтамасыз етуге, жаңа өндірістерді кеңейтуге және игеруге мүмкіндік береді. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде тек қана жергілікті өндірушілерден сатып алынатын отандық тауарлардың тізбесі айқындалды. Ірі мұнай-газ жобаларындағы негізгі жер қойнауын пайдаланушылар қазірдің өзінде отандық тауар өндірушілермен жалпы құны 240 млн долларға жететін келісімшарттарға қол қойды. Бұл жұмысты жалғастыратын боламыз, – деді Олжас Бектенов.

Еске сала кетейік, Үкімет отандық өндірушілерге қандай қолдау көрсететіні туралы осыған дейін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы