Біз өз интернет контентімізді экспорттайтын деңгейге жеттік – Марат Оралғазин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы QAZFORUM қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V-ші форумында сценарист, режиссер және продюсер Марат Оралғазин мәлім етті.
Ол 2000 жылдардағы қазақ тілді интернет жобаларына тоқталды. Оның сөзінше, ол кезде қарапайым ауыз-екі сөздің өзі орыс тілінде жүрді.
90-шы жылдары өзіміз Қазақстанда болғанымызбен, ойымыз Ресейде болды. Ол кезде Ресейдің ақпараттық кеңістігіне тәуелді болдық. Бұл кезеңде отандық журналистер көрермен назарын қазақ тілді телеарнаға аударып бақты. Бірақ бүгінгі таңда жағдай басқаша. 2014 жылдан бері назар салсақ, барлық тренд орыс тілде болды. Арасында бірең-сараң қазақ тілді жобалар жүрді. Ал қазір әлеуметтік желідегі контенттеріміз жаңа деңгейде. Бұл – біздің жеңісіміз, – деді ол.
Оның айтуынша, әлеуметтік желідегі контенттерді қолдайтын азаматтардың арқасында медиа кеңістігімізді қалыптастырдық.
Бүгінгі таңда бәрі өзіміздің тілде. Тіл ауқымы кеңейді. Біз өз интернет контентімізді өзге елден импорттайтын емес, экспорттайтын деңгейге жеттік, – деді Марат Оралғазин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Интернет сайттардың міндеті тек ақпарат тарату емес – Балаева
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы