"Біз ойлаған мерзімге сотталды". Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың жазасына қатысты ойын айтты

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевқа берілген жазаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз шамамен осы мерзімді болжадық. Ол түрмеден шыққан кезде 68 жаста болады. Бұл өмір бойына сотталғанмен бірдей. Түрмедегі жағдайды ескерсек, ол бұл жасына дейін өмір сүре ме, жоқ па белгісіз, - деді Айтбек Амангелді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың 24 жылға сотталғанын айтқан едік, ал оның туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы