Біз олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз – Мәулен Әшімбаев қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында Палата спикері Мәулен Әшімбаев тәртіпсіздік кезінде қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

Жаңа жыл еліміз үшін үлкен сын сағатымен басталды. Біз тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең қатерлі кезеңмен бетпе-бет келдік. Шын мәнінде мемлекеттілігімізге үлкен қауіп төнді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дер кезінде қабылдаған нақты шешімдерінің арқасында қылмыстық әрекеттерге тегеурінді тойтарыс берілді. Осы жолда біздің тәртіп сақшылары мен әскерлеріміздің жанкешті іс-әрекеттерін ерекше атап өткен жөн, - деді ол.

Мәулен Әшімбаев өкінішке қарай, күштік құрылымдардың біраз қызметкері қаза болғанын айтап өтті. 

Біз олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Террористердің қолынан жазықсыз жандар да қайтыс болды. Қаза болған барша азаматымыздың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жарақаттанған адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігімізді білдіреміз, - деп айтты Сенат спикері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы