Біз обслуживающий персонал емеспіз – директор жан айқайын жеткізді

ШҚО, Көкпекті ауданы, Құлынжон ауылының директоры Аралбек Берікұлы «Ұлттық идеология және ...» жобасында ауыл мектептеріне тексеріс келгендегі жағдайды айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Министрліктен біреу келеді деген жағдайда ауылда бәрі біледі оны. Дастарханын жайып, әдемілеп, қағаздарын түзеп, сол кездесуде ғана өзін күштілеп көрсетіп жібереді. Одан кейін «баяғы жартас, сол жартас». Осыған қарсымыз, күресіп жатырмыз, - деді ол.

Сондай-ақ Аралбек көзбояушылықпен күресте не ұтатынына да тоқталды.

Біз обслуживающий персонал емеспіз. Тексеріс келгенде даяшылар сияқты жүгірмейміз. Келді ме, қателіктеріміз бар ма, көрсетсін. Заң жүзінде бізге бір ай ма, екі ай ма уақыт беріледі, нұсқамалар жасалынады. Біз солардың барлығын өз қолымызбен түзейміз. Екі нәрсе ұтамыз. Біріншісі, тәжірибе аламыз, ақылдырақ боламыз. Екіншісі, қайта тексеру келгенде ешкімге иілмейміз, жалпақтап жүгірмейміз, - деді директор. 

Аралбек Берікұлы ауылдық жерде оқушыларға бағаны көз жұмып қойып, аттестаттарын қолдарына ұстатып жатқанын айтады. Бірақ ауыл мектебіндегі мәселелердің себептерімен жұмыс жүргізілмейтінін жеткізді. 

45 пайыз оқушылар ауылдық жерлерде оқиды. 70 пайыз мектептер ауылдық жерлерде. Ол жерде бағаны көз жұмып қойып, қағаздарын қолдарына ұстатып беріп жатырмыз. Жеріміздің кеңдігімен мақтанамыз, бірақ 7500 мектеп, кейбір мектептің арасы 2000-3000 шақырым, шашырап жатыр. Бір министрліктің қызметкерлері бәрін қарап, тексеріп шыға алмайды бәрібір. Тек қана желіге қиын жағдайлар тарап кеткен жағдайда ғана сол жерге барып, директорын қызметтен алып, салдарымен күресіп жатады. Бірақ себептерімен жұмыс істеліп жатқан жоқ, - деді ол.

Айта кетейік, Аралбек осыдан бір жылдан артық уақыт бұрын Астанадағы Республикалық физматқа директор болудан бас тартып, 2022-2023 оқу жылында эксперименттік мәртебесі бар ауыл мектебіне директор болып барған еді.

Cұхбаттың толық нұсқасын төменнен көре аласыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы