Біз мемлекеттік бюджетке үміт артып отырмауымыз керек – қала әкімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарымен есептік кездесуі барысында айтты. 

Біздің тұрғындарды ескі және апаттық жағдайда тұрған үйлер алаңдатады. Елордада 200 мыңнан астам апаттық үй бар. 2020 жылы осындай үйде тұратын 400 отбасыны көшірдік. Биыл 250 отбасыны көшіруді жоспарлап отырмыз, - деді ол. 

Көлгінов инвестиция мәселесі туралы да айтып өтті. 

Біз мемлекеттік бюджетке үміт артып отырмауымыз керек. Инвестиция тарту жолдарын қарастыруымыз керек. 2020 жылы коронавирус пандемиясына қарамастан, елорда әкімдігі азаматтар мен қала үшін маңызды жобалар үшін жеке инвестицияларды тарту бойынша жұмыстарды тоқтатқан жоқ. Былтыр елордаға 1,1 триллион теңге тартылды. Бұл 2019 жылға қарағанда 21,5 пайызға артық, - деді ол.

Көлгінов атағандай, инвестиция тарту жөніндегі өңірлік кеңестердің өздері онлайн режимге көшті.

Инвестициялық 16 отырыста 110 жобаны мақұлдады. Бірінші кезекте - азаматтарға және қалаға қажет жобалар қолдау тапты. Бұл - білім, денсаулық сақтау, өндіріс, логистика және сауда, спорт, тұрғын үй, - деді қала басшысы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада ПТР-зертхана саны 23-ке жетті. Енді астанадағы тестілеу саны 9 есеге арттырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы