Біз қоғам мүшелерінің пікірімен санасуымыз керек – Махметғали Сарыбеков
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Махметғали Сарыбеков Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламенттің жетінші шақырылымның бірінші сессиясында көтерген саяси бастамаларына қатысты пікірін білдірді.
Сайлау өтті. Оның айтуынша, сайлаудан кейін қоғам арасында түрлі пікір айтылып жатыр. Бұл ретте әр адам өз ойын, пікірін, көзқарасын айтуға құқылы.
Осы тұста Қасым-Жомарт Кемелұлы барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазуды енгізген жөн деген пікірін айтты. Қоғамда түрлі көзқарас болғандықтан бұндай ұстанымда болатын адамдар қатары да табылады. Біз барлық қоғам мүшесінің пікірімен санасуымыз керек. Себебі Үкімет халық игілігі үшін қызмет істейді, - деді ректор.Сонымен қатар Мұхаметғали Сарыбеков Президенттің омбудсмен туралы арнаулы заң қабылдануы, бала құқығын қорғау хақында сөз қозғауына қатысты да пікірін де қолдады.
Президент «Парламенттің алдында маңызды екі міндет тұр. Бұл – сапалы заңдар қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналу. Жалпы еліміздің заңнама жүйесін кешенді түрде жетілдіру керек» деп нақты айтты. Жиын барысында депутат, ең алдымен ел мүддесін қорғап, халықтың мұңын, қажеттілігін жеткізуші тұлға екені де айтылды. Бұл әр депутатқа айтылған әрі сын әрі «жұмысқа жұдырықтай жұмылып кірісейік» деген үндеу десе де болады. Иә, халық жақсылықтан үмітті, шешілмеген түйіткілді сұрақтар шешімін табады деп күтеді. Ендеше Мемлекет басшысының сөзін қолдай отырып, ел мүддесі үшін адал қызмет атқарайық, - деді қорытындылады ол.
Ботакөз Жақиянова
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үндістанда вакцинациялау басталды
Өзгелердің жаңалығы