Біз Иран режимін басып жатырмыз – Нетаньяху
Нетаньяху өз сөзінде Иран халқына да үндеу жасап, «еркіндікке бастайтын жаңа жолдың уақыты жақындап қалғанын» айтты.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Израиль мен АҚШ Иран режиміне және Ливанда орналасқан шииттік «Хезболла» тобына қысым көрсетіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы ол Израиль мен АҚШ-тың Иранға соққы бергеннен кейін өткізілген алғашқы баспасөз мәслихатында айтты. Нетаньяхуның сөзінше, Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи көпшілік алдына шықпай отыр және ол «Ислам революциясы сақшылар корпусы»-ның ықпалында» деп бағалады.
Айта кетейік, Хаменеи әкесінің мұрагері атанғаннан бері жұрт алдында сирек көрінеді. Соған қарамастан, бүгін таңертең Иранның мемлекеттік телеарнасында оның атынан жасалған мәлімдеме оқылды.
Нетаньяху өз сөзінде Иран халқына да үндеу жасап, «еркіндікке бастайтын жаңа жолдың уақыты жақындап қалғанын» айтты.
Сонымен қатар ол АҚШ президенті Дональд Трампты «жеке досым» деп атап, екі ел көшбасшыларының жиі байланыста болып, соғысқа қатысты шешімдерді бірлесіп талқылайтынын жеткізді.